Байшолақтар, балуандар әулеті. Қанат Байшолақов (1961 ж.т.),ҚР-нын еңбек сін. спорт шебері (1997), КР-ның еңбек сінірген жатғықтырушысы (1998). Қазақ балуандарынан жастар және ересектер арасынан самбо күресінен түнғыш әлем чемпионы. Жамбьл гидромелоративтік ин-тын бітірген (1983). 1983-1993 ж. Жезқазған облысы, Жаңаарка ауданындағы «Жас сүңқар» спорт мектебінін жаттықтырушы-оқытушысы, Алматыдағы Жоғары спорт шеберлігін жетілдіру мектебінде жаттықтырушы-оқытушы,КСРО құрамасында еліміздің спорттық намысын қорғады. Жастар арасынан 2 дүркін КСРО чемпионы(1980,1981),2 дүркін Әлем чемпионы(1981, 1984), Еуропа чемпионы (1987), Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (1982). КазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. Талғат Байшолақов (1964 ж. т.), самбодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1989). Жамбыл гидромелоративтік ин-тын (1986) бітірген. 1986-1996 ж. осы институтға оқытушы-жатғықтырушы, Қарағанды облысы «Еңбек резервтері» спорт коғамында оқытушы-жаттықтырушы, 1996 жылдан Қарағанды облысы дюздо, самбо, қазақ күресі федерациясының президенті. Әлем кубогінің жеңімпазы (1985), Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (1987), КСРО халықтары спартақиадасының жеңімпазы (1981). КСРО кубогінін 2 дүркін женімпазы (1984, 1986). ҚазҚСР Жоғарғы Кенесінің грамотасымен марапатгалған. Жанат Байшолақов (1967 ж.т.).Халықар. дәрежедегі спортшебері(1992). 1990 ж. Карағанды пед. ин-тының дене шынықтыру ф-гін бітірген. 1990 жылдан Жезқазғандағы «Қазақмыс» қорпорациясының спорт кешенінде жаттықтырушы. Әлем кубогінің жеңімпазы (1992), 2 дүркін Әлем чемпионатының қола жүддегері, 2 дүркін Азия чемпионы (1992, 1994).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер