Анарбек Жұматайұлы Нақысбеков - Бірлік ауылында туған. Қазақ. Суретші-кескіндемеші, портретші. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтының профессоры. ҚР Көркемөнер академиясының академигі (2008 жылдан). КСРО, ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1978 жылдан).
Білімі
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультетін бітірген (1975).
Еңбек жолы 1975 жылдан бері - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының академиялық кескіндеме кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, профессоры, 1993-2002 жылдары - кафедра меңгерушісі. Қазақстанның Суретшілер одағы басқармасының жауапты хатшысы (1982-1986).
Шығармашылығы «Балалық шағымның әлемі» жұмысының сериясына кірген композициялы-тақырыптық картиналардың авторы. Жұмыстары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция, ГФР, Лихтенштейн, Швейцария, Дания, Норвегия, БАӘ, Оңтүстік Корея, Болгария, Венгрия, Чехия, Түркия, Кипр, ТМД елдерінің және т.б. мұражайларында қойылған.
Марапаттары мен жетістіктері ҚазКСР Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1982). КСРО және ЧКСР жас суретшілер конкурстарында алтын медальдармен, халықаралық конкурстаржәне көрмелердің құрмет грамоталары мен дипломдарымен марапатталған.
Отбасы Әкесі - Нақысбеков Жұматай, марқұм. Анасы - Нақысбекова Мәкен, батыр-ана. Үйленген. Жұбайы - Нақысбекова Индира Айтқұлқызы (1960 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. Ұлдары - Қуаныш (1985 жылы туған), экономика және құқық магистрі; Әнуар (1988 жылы туған), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтының магистранты..Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Қазақстан кескіндемешілері Санат:Қазақстан портретшілері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Қазақстан көркемөнер академиясының академиктері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті оқытушылары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары Санат:Қазақстан суретшілер одағы мүшелері Санат:Қазақ КСР Ленин комсомолы сыйлығының иегерлері Санат:КСРО суретшілер одағы мүшелері Санат:КСРО суретшілері