Молдақұл Сұлтанұлы Нарымбет (5.01.1948, Түркістан облысы ГлабаСай ауылы - 13.02.2012) — Қазақ суретшісі. ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі. Кескіндемеші, суретші-радикал, қазақ авангардының негізін салушы. ҚР Суретшілер одағының мүшесі.
Білімі П. Беньков атындағы Ташкент көркемсурет училищесін (1974), сурет салу және сызу пәнінің оқытушысы; Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультетін бітірген (1992), сурет салу және сызу пәнінің оқытушысы.
Еңбек жолы 1973 жылдан - ӨзКСР Ташкент облысының №31 ОМ сурет салу және сызу пәнінің оқытушысы. 1976 жылдан - Ә. Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет училищесінің оқытушысы (Шымкент қаласы). 1993 жылдан - Өнеркәсіптік кооперативтің суретші-дизайнері. 2000 жылдан - «Хабар-2», «Ел Арна» телекомпаниялардың бас суретшісі.
Шығармашылығы «Созақ», «Көкпар» (резеңкеден), «Скарабей», «Мен қазақпын», «Қорқыт», «Бал-бал», «Жебеушілік» жұмыстар сериясының, «Менің Қазақстаным», «Шаңырақ», «Киіз басу», «1994 жыл» кескіндеме жұмыстарының авторы. «Қызыл трактор» Шымкент суретшілер ұжымының жетекшісі. Шетел және республикалық көрмелердің қатысушысы. Жұмыстары Қазақстанның мұражайларында, шетел және отандық жеке коллекцияларында сақталуда.
Марапаттары мен жетістіктері Халықаралық сыйлықтың, «Жігер» сыйлығының лауреаты.
Отбасы Әкесі - Нарымбетов Сұлтан. Анасы - Қожабекова Ұлша, үй шаруасымен айналысады. 1973 жылы үйленген бірінші жұбайы Наримбетова Мариямкул Серикбаевна, одан 5 балалы болған. Мариям Ақтөбе қаласында Театральное училищесін бітірген, олда өнер адамы болған. Балалары - Махаббат (1974 жылы туған), Перизат (1975 жылы туған), Сәкен (1977 жылы туған), Ақтолқын (1980 жылы туған), Сахи (1982 жылы туған) екінші жұбайымен 1994 жылы Мариям қайтыс болған соң - Нарымбетова Салтанат Қасымқызына (1960 жылы туған) бас қосқан, ол үй шаруасымен айналысады. Ол некеден Айя (2001 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:5 қаңтарда туғандар Санат:1948 жылы туғандар Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:13 ақпанда қайтыс болғандар Санат:2012 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Қазақстанның заманауи суретшілері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Ташкент көркемсурет училищесі түлектері Санат:Қазақстан көркемөнер академиясының академиктері Санат:Қазақстан кескіндемешілері Санат:Шымкент көркемсурет училищесі оқытушылары Санат:Хабар телеарнасы тұлғалары Санат:Ел Арна телеарнасы тұлғалары Санат:Қазақстан суретшілер одағы мүшелері