Тимур Бимашұлы Сүлейменов (1943 жылы 14 ақпанда Түркістан облысының Қарабулақ ауылында туған - 2018 жылы 10 мамырында Алматыда қайтыс болған) - Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, Халықаралық өнер академиясының академигі, ҚР Көркемөнер академиясының қурметті академигі, Қазақстандық дизайн мектебінің негізін салушы..

Өмірбаяны Ұлты - Қазақ. Ленинград құрылыс-инженерлік институтын (1965); В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1970) бітірген, сәулетші. 1959 жылдан - әрқилы қарапайым жұмыстарды атқарған. 1965 жылдан - «Қазқалақұрылысжобалау»» жобалау институтының сәулетшісі, Алматы қаласы Калинин ауданының бас сәулетшісі. 1968 жылдан - «Алмаатагипрогор» институтында сәулетшілер тобының жетекшісі, «Қазқалақұрылысжобалау» институтының жобалар бойынша бас сәулетшісі. 1982 жылдан - Қазақстанның Көркемдік қорының бас суретшісі, қалалық ортаның дизайны шеберханасының жетекшісі. 1987 жылдан - «Қазақстан Дизайнерлер одағы» РҚБ құру бастаушысы, негізін салушы, президенті. «ДАРТ» шығармашылық-өндірістік кәсіпорнының директоры.

Еңбектері Алматы облысындағы «Черкасск қорғанысының батырларына» мемориалдық кешенінің; Түркістан қаласын қайта құру және тарихи-мәдени туристік орталыққа айналдыру жобасының авторы. . Шымкент және Жанатас қалаларын салудың бас жоспарларын әзірлеуге, Түркістан қаласының тарихи аймағын қалпына келтіруге, Қ.А. Яассауи кесенесі айналасындағы тарихи аймақты қайта құру жобасына қатысқан. «ҚР республикалық стилі» кешенді мемлекеттік дизайн-бағдарламасының бастаушысы; ұлттық валюта дизайнын жасау, бейнелемені жобалау, Республикалық гвардияның салтанатты және күнделікті киім түрлерін жобалау, ҚР Қарулы Күштері дизайн-бағдарламаларын жасау, т.б. топтарының жетекшісі. Астана қаласындағы саяси жазалау шаралары құрбандарына арналған мемориалдың және «Атамекен» этно-мемориалдық саябағының, Аңырақай шайқасындағы қазақ халқының жоңғарларды жеңуіне арналған монументтің тең авторы; Мәскеу қаласындағы Абайға ескерткіштің авторы және оны салған ужымның жетекшісі. Талдықорған орталығын, Ақтау қаласындағы бірқатар объектілерді қайта құруды басқарған. Алматы және Астана қалалары дизайн-бағдарламаларының жетекшісі. Астана және Апматы қалалық ортасын дамыту жобаларының авторы. Бірқатар кітаптар дизайнының авторы.

Атақтары мен марапаттары ҚР Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаты. «Бәйтерек» республикалық сыйлығының лауреаты. «Парасат» (2005) орденімен; «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері. ҚР Құрметті сәулетшісі.

Жеке өмірі Діни көзқарасы - ұстамды сопы. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н. Мандела. Хоббиі - гүл өсіру, бақ өсіру, кескіндеме, поэзия. Сүйіп оқитын әдебиеті - Конфуций, Қоран, X. Мураками, П. Васильев, О. Хайям. Үйленген. Жубайы - Сүлейменова Надежда Викторовна (1955 ж. т.), «ДАРТ» ЖШС менеджері. Қызы - Сүлейменова Сәуле Тимурқызы (1970 г. p.); ұлы - Сүлейменов Тамерлан Тимурұлы (1990 ж. т.). 2 немересі бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан сәулетшілері