Ақыл Иманәліұлы Құланбаев (1 қаңтар 1929 жылы туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы) — актер, педагог, КСРО-ның құрметті радиошысы (1980).
Өмірбаяны Алматы театр училищесін (1948), Мәскеу театр өнері институтының қазақ студиясын бітірген (1954).
Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театры құрамында (1948 - 1951), 1954 - 1961 ж. Қазақ академиялық драма театры труппасында актер, 1961 - 1991 ж. Қазақ радиосында режиссер, бас режиссер болды.
1955 - 1960 ж. Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) педагог қызметпен айналысты.
Рөлдері Құланбаев театр сахнасында ойнаған рольдері: Өзбек, Есен, (М.Әуезовтің "Айман - Шолпаны" мен "Еңлік -Кебегінде"), Қодар (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян Сұлуында"), Арман (Ә.Тәжібаевтың "Жалғыз ағаш орман емесінде"), Транио, Протей (У.Шекспирдің "Асауға тұсауы" мен "Вероналық екі бозбаласында"), т.б.
1940 жылдан киноға түскен ("Райхан" фильмінде Баланың ролін ойнады).Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі түлектері Санат:Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университеті түлектері Санат:Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры тұлғалары Санат:Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тұлғалары Санат:Қазақ радиосы тұлғалары Санат:КСРО-ның құрметті радиошылары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары Санат:Қазақстан педагогтары Санат:КСРО педагогтары