Секен Кәрімұлы Тұрысбеков (1961 жылы 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында туған) — қазақ күйшісі, домбырашы. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1992). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1989). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері. Белгілі «Көңіл толқыны» күйінің авторы.

Толығырақ Секен Кәрімұлы Тұрысбеков 1961 жылы 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында дүниеге келген. Шыққан тегі - Найман тайпасының Қаракерей руынан. Сәкеннің азан шақырып қойған аты - Серікболсын. Семей музыка училищесінде оқып, содан кейін, Алматы консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, М. Әубәкіров жетекшілігімен) бітірді. Консерваторияны бітіргеннен кейін «Сазген» ансамблі кұрамында еңбек етті. 2001 ж. Еуразия университеті жанындағы «Қоңыр қаз» ансамблінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Шығармалары Сәкен Тұрысбеков - "Көңіл толқыны", "Боздақ", "Өкініш", "Ақжарма", "Ақ жауын", "Балауса", "Дарабоз", "Ұлы дала" және т.б. күйлерінің және "Аққу сазы", "Ерке құсым", "Көктемім менің", "Қоңыр қаз", "Шағала" ән мен күйлердің авторы.

Марапаттары 1989 — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты 1992 — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның Халық әртісі 2011 — Құрмет ордені 2017 — Парасат ордені 2023 - Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері

Дереккөздер

Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Күйшілер Санат:Домбырашылар Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері