70px Бұл мақала Ислам жайлы. Қажылыққа байланысты. Умра - зиярат ету деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы - белгілі бір уақытқа байланбай жылдың кез келген уақытында ихрамға кіріп, тауап және сағи жасағаннан кейін шашты алғызып немесе қысқартып, ихрамнан шығу жолдарымен атқарылатын ғибадат. Умра ғибадатының үкімі. Ханафи, Малики мазһабында мүмкіндігі болған әр мұсылманға умра жасау - бекітілген сүннет. Ал Шафиғи және Ханбали мазһабтарында, шамасы жеткен әрбір мұсылманға өмірінде бір рет умра жасау - парыз. Умраның парыздары 1. Ихрамға кіру;

2. Қағбаны тауап жасау.

Умраның уақыты Умра ғибадатын кез келген уақытта орындауға болады, бірақ Құрбан айт күндері орындау - тахриман мәкрүһ. Умраның Рамазан айында жасалуы абзал және сауабы мол. Умра ғибадатын орындағысы келген адам миқатта ихрамға кіру үшін дайындалып, екі рәкат ихрам намазын оқығаинаи кейін «Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін умра жасауды ниет еттім, умраны маған жеңілдет және менен қабыл ал», - деп ниет етіп, артынан тәлбия дұғасын айтып, ихрамға кіреді. Басқа уақыттардағы халал кейбір нәрселер ихрамдағы уақытта харам болады. Мәсжидул-Харамға келген уақытта «Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін умра тауабын жасауды ниет еттім, тауапты маған жеңілдет және менен қабыл ал», - деп ниет етіліп, умранын тауабы жасалады. Тауап біткеннен кейін, мүмкін болса, Ибраһим мақамында, болмаса мешіттің кез келген жерінде екі рәкат намаз оқиды. Сосын «Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін умра сағиін жасауды ниет еттім, сағиді маған жеңілдет және менен қабыл ал», - деп ниет етіп, Сафа және Мәруа төбелерінің арасында төрт рет бару, үш рет қайту рәсімін жасап, жеті рет барып-келумен умраның сағи міндеті атқарылады. Сағиді орындағаннан кейін шаштарын алғызып немесе қысқартыл ихрамнан шығады. Осылайша умра ғибадаты аяқталады.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Қажылықта және умрада істелетін кемшіліктер және өтелетін жазалар Қажылықта немесе умра ғибадаттарында уәжіп болған амалдардың біреуінің орындалмай қалуы, тіпті белгіленген уақытынан кешіктірілуі немесе ихрамға кірген соң істелінуі харам болған тыйымдардың жасалуына «жинаят» делінеді. Бұл жинаяттар білмей, қателікпен, тіпті ұйықтаған күйде істелсе де, бәрібір жаза өтеледі. Әрине, біле тұра істегендер материалдық өтелетін жазаға қоса Аллаһ Тағалаға тәубе етіп, кешірім сұраулары керек. Қажылық пен умраның қайтадан жасалуын (қаза етілуін) талап ететін кемшіліктер Қажылық жасау үшін ихрамға кіргеннен кейін Арафатта тұрмастан бұрын әйелімен жыныстық қатынас жасаған адамның Қажылық ғибадат толық бұзылады. Мұндай жағдайлардағы адамдар ниет еткен Қажылықтары нәпіл Қажылық болса да, келесі жылдары қаза ретінде орындаулары тиіс. Бұнымен қоса Қажылықта бүлдірген кемшіліктері үшін жаза ретінде қой немесе ешкі құрбан шалуы керек. Аллаһ Тағала Құранда: «Хаж белгілі (шэууал, зилқа'да, зилхижжаның алғашқы он күні) айларда. Кімде-кім бұл айларда Қажылықты міндеттенсе, (мыналарды білсіні) әйелімен жақындасуға, күнә істеуге және жанжалдасуға болмайды» (Бақара, 2/197), -деп Қажылықта жыныстық қатынаста тыйған; Умра үшін ихрамға кіргеннен кейін тауаптың алғашқы төрт айналымын аяқтамастан жыныстық қатынасқа түскен адамның умра ғибадат бұзылады. Бұзылған умраның қайтадан дұрыс орындалуы және бүлдірілген кемшілік үшін қой не ешкіні құрбан ретінде шалуы тиіс. Алғашқы төрт айналымды тәмамдағаннан кейін жыныстық қатынаста болған адамның умрасы бұзылмайды, бірақ бүлдірілген кемшілік үшін қой немесе ешкіні құрбан ретінде шалуы керек. Түйе немесе сиырдың жаза ретінде шалынуын талап ететін кемшіліктер

Арафатта тұрғаннан кейін шашын алғызып немесе қысқартыл ихрамнан шықпас бұрын жыныстық қатынаста болу;

Зиярат тауабын ер кісілер жүніп күйінде, әйелдер хайыз немесе нифас күйінде жасау. Аталмыш күйде жасалған тауаптың қайтадан жасалуы уәжіп. Қайтадан жасалған жағдайда өтелетін жаза кешіріледі. Жаза - сиыр немесе түйе.

Қой немесе ешкінің жаза ретінде шалынуын талап ететін кемшіліктер екіге бөлінеді Қажылықтың уәжіптерін орындамау яки белгіленген уақытында орындамауға байланысты кемшіліктер

Миқаттан ихрамсыз өту. Бұндай жағдайда Қажылық немесе умраға байланысты міндеттердің ешқайсысын орындамай жатып, миқатқа қайтып келіп, ихрамға кірсе, өтелетін жаза кешіледі;

Сағидің барлық айналымдарын немесе төрт яки төрттен көбін орындамай қалдырған жағдайда;

Муздәлифә уақфасын үзірсіз (себепсіз) орындамау;

Арафа күні арафаттан күн батпай кайту;

Зиярат тауабын құрбан аштың үшінші күні күн батқанға дейін орындамай, кейін орындау (Әбу Ханифа бойынша);

Харам аумағының сыртында шаш алғызу немесе қысқарту (Әбу Ханифа бойынша);

Шайтанға тас лақтыруды мүлдем орындамау немесе бір күнде лактырылатын тастардың жартысынан көбін (11 тас) шайтанға тас лақтыру күндерінде лақтырмау. Жартысынан көбі лактырылса, лақтырылмай қалған әрбір тас үшін садақа ғана беріледі;

Зиярат немесе умра тауабының соңғы үш айналымын немесе біреуін орындамау;

Зиярат және умра тауабын дәретсіз, қадум және уадағ тауаптарын жүніп күйінде жасау;

Миқат жерлерінің сыртынан келгендер қоштасу (уадағ) тауабын түгелдей немесе төрт немесе одан да көп айналымын орындамау;

Құрбан айттық бірінші күні Үлкен шайтан таска (Ақаба жәмрасына) тас лақтыру, құрбан шалу, шаш алғызу немесе қысқарту амалдарын ретретімен орындамау Имам Әбу Ханифада, кемшілік (жинаят) саналады;

Зиярат және умра, уадағ тауаптарында әурет мүшелерінің ашық болуы.

Ихрам тыйымдарын істеуге байланысты кемшіліктер:

Шаш, сақал немесе дененің басқа жерлеріндегі түктердің төртте бірін немесе одан да көбін қысқарту немесе алу. Төргге бірінен аз болса, онда тек садақа ғана беріледі;

Бір уақытта және бір жерде денеге немесе бір мүшеге түгелдей әтір себу немесе май жағу. Ем үшін иіссіз май жағылса, жаза өтелмейді. Ихрамға себілген әтір орнының ені және ұзындығы бір қарыштан көп, иісі күндіз-түні кетпесе бір қой немесе ешкі жаза ретінде шалынады, ал бір карыстан аз болып, иісі күндіз-түні жалғаспаса, жаза ретінде садақа беріледі;

Бір уақытта және бір жерде мүшелердің біреуін қынамен (лак, далаппен) бояу;

Ихрамды күйде әйелін құмарлық сезіммен сүю, аймалау сияқты жыныстық қатынасқа тартатын іс-әрекеттерді істеу;

Ер кісінің толық бір күндіз немесе толық бір түн тігілген киім (әдеттегі киім, шұлық, іш киім, тобық жағы жабық аяқ киім, т.б.) киюі, басын және жүзін жабуы. Әйелдер тек қана беттерін жаппайды. Бір түн немесе бір күндізден аз уақыт кисе, садақа ғана беріледі;

Бір жерде, бір уақытта барлық тырнақтарды немесе бір қолдың немесе бір аяқтың тырнақтарын алу. Егер тырнақ әр жерлерде және бөлек-бөлек уақытта алынса, әрбір тырнаққа жеке-жеке жаза өтед еді. Бір қол немесе бір аяқтың тырнақтарының бәрі емес, кейбіреулері алынса, әрбір тырнақ үшін садақа беріледі. Құрбан шалынбайды.

Өздігінен түскен немесе сынған тырнақты алып тастаған жағдайда жаза өтелмейді. Ихрамға байланысты тыйымдар үзір себептерге байланысты істелсе де, жаза өтеледі. Ауырып қалу, жол апатына ұшырау сияқты адамның еркінен тыс болатын оқиғалардың салдарынан, мысалға, шашы алынса немесе киім кидірілсе, төмендегі үш жолдың қалаған біреуін орындау арқылы жазасын өтейді: Қалаған уақытында және жерінде үш күн ораза ұстау. Немесе алты кедейге пітір садақасының көлемінде садақа береді. Харам аумағында қалаған уақытында бір қойды, не ешкіні құрбанға шалады. Пітір садақасы мөлшерінде садақа беруді талап ететін кемшіліктер: Шаш, сакалдың төрттен бірінен аз мөлшерін алу немесе қысқарту; Бір мүшенің бәріне емес, бір бөлігіне ғана әтір себу; б) бір аяқтан немесе қолдың тырнақтарының кейбіреуін алу; Тігілген киімді бір түннен немесе бір күндізден аз уақыт кисе; Шайтан тасқа белгіленген санынан аз тас лақтыру. Әрбір лақтырылмаған тас үшін пітір садақасы мөлшерінде садақа беріледі; Басқа біреудің шашын, сақалын немесе мұртын алу не қысқарту; Қадум және уадағ тауаптарын дәретсіз жасау; Задағ тауабы және сағидің төртінші айналымын кейінгі айналымдарын жасамау. Жасалмай қалған әрбір айналым үшін пітір садақасы мөлшерінде садақа беріледі. Пітір садақасының мөлшерінен аз мөлшерде садақа беруді талап ететін кеміт ліктер: саны үштен кем бит, бүрге, шегіртке сияқты жәндіктерді өлтіру немесе басқа біреудің өлтіруі үшін жәндіктерді көрсету; денеден түк жұлу; Ихрамсыз адамның мұртын немесе тырнағын алу; Нәпіл тауаптарда әурет жерлердің ашылуы; саны үштен көп жәндік өлтіру.

Құнының өтелуін талап ететін кемшіліктер. Ихрамды күйде әдейі болсын, кездейсоқ болсын аң аулау, жүндерін жұлу жұмыртқаларын сындыру, аңшыларға ишарат жолымен болса да, жәрдемдесудің жазасы - әділ, тәжірибелі екі кісінің бағалауы арқылы сол зиян шеккен аңның құнын кедейлерге өтеу.

Харам аумағының тыйымдарына байланысты кемшіліктер. Харам аумағының өздігімен өскен ағаш және жалпы өсімдіктерін жұлу, шабу немесе бұл аумақта аң аулау - ихрамдыға да, ихрамсызға да харам. Бұл аумақтағы ағаш және өсімдіктерді жұлған адам олардың құнын кедейлерге садақа ретінде береді. Қ-та және умрада істелген кемшіліктердің жазасын өтеу үшін белгілі бір уақыт белгіленбеген. Бірақ Қажылықтағы немесе умрадағы қателердің орнын толтыру үшін ертерек өтеген дұрыс әрі абзал. Мойнына қарыз болған жазаларды өтеместен бұл дүниемен қош айтысып кетсе, күнәһар болады. Өмірінің соңына дейін өтемесе, көзі тірісінде артында қалған туысқандары өтеулерін өсиет етуі тиіс.

Істелген жинаяттардың жазасы ретінде шалынатын малдар міндетті түрде харам аумағында шалынуы тиіс. Еттерін харам аумағының кедейлеріне таратуға болатыны сияқты, басқа жерлердегі кедейлерге де жіберуге болады.

Садақа, құнын төлеу және ораза ұстау сияқты жазалар үшін белгілі бір мекен тағайындалмағандықтан, бұл жазаларды қалаған жерде өтейді.

һәди Қажылықта және умрада шалынатын құрбандар.

Аллаһ Тағаланың ризалығы үшін немесе Қажылық ғибадатындағы бір кемшілікке байланысты немесе ихрамның тыйымдарының біреуін бұзу салдарынан жаза (кәффарат) ретінде Харам аумағында шалыну шартымен алынып келген немесе ақшасы жіберілген құрбанға һәди делінеді. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Егер (ауру-сырқау, жол қауіпсіздігі сияқты бөгеттерден) аманшылықта болсаңдар, Қажылыққа дейін умраны орындаған кісі жағдайына қарап құрбан шалсын», - деп һәди құрбанын шалуды талап етеді.

Тәматтуғ немесе қыран Қажылығын орындағандардың умрамен бірге Қажылықты да орындағандары үшін шүкір ретінде құрбан шалулары - уәжіп.

Ифрад Қажылығы немесе тек қана умра ғибадатын орындағандарға кәффарат құрбанынан тыс құрбан шалулары уәжіп емес. Бірақ нәпіл құрбан шалуларына болады, һэди құрбандары екіге бөлінеді: уәжіп және нәпіл.

Нәпіл құрбан Қажылық немесе умра ғибадатын орындаушылардың мойындарына уәжіп болмаса да, сауап үшін шалатын құрбанына «нәпіл құрбан» делінеді. Тек қана Ифрад Қажылығын немесе умра ғибадатын орындаушылардың нәпіл құрбан шалулары - мұстахап.

Уәжіп құрбан Тәматтуғ және қирай һәдпі - Тәматтуғ және қирай Қажылығын орындағандардың бір жылда Қажылық айларында умра және Қажылықты бірге орындағандары үшін шүкір ретінде шалатын уәжіп құрбан; Жаза һәдиі - Қажылық және умраның уәжіптерінің біреуінің орындалмай қалуы немесе белгіленген уақытында орындалмауы, ихрам және Харам аумағының тыйымдарын бұзу салдарынан кәффарат ретінде шалынатын уәжіп құрбан; Ихсар һәдиі - Қажылық немесе умраға ниет етіп, ихрамға кіргеннен кейін әртүрлі бөгеттерге байланысты Қағбаны тауап және Арафатта уақфа жасай алмайтын адамдардың ихрамнан шығу үшін шалатын уәжіп құрбан; Нәзір һәдиі - Харам аумағында шалынуы үшін сөз берілген уәжіп құрбан. Һәш құрбанының шалынатын орны мен уақыты