Сергей Иванович Гуськов (1890, Мәскеу қ. - 16.8.1953, Алматы) -театр гримері. Қазақстанның еңб. сің. артисі (1947). Мәскеу қ-ндағы бастауыш уч-щені бітірген (1902). 1903 - 10 ж. белгілі гример-суретші Я.И. Гремиславскийдің шеберханасында тәжірибе жинақтаған. Кезінде Кеңес өкіметінің қудалауына түскен ол 1936 жылдан Қазақстанда тұрып қызмет етеді. 1936 - 1939 ж. Шымкент облысы драма театрында, 1939 - 1953 ж. Алматыдағы Қазақ акад. драма театрында гримдер цехының меңгерушісі, ақад. Мемл. Орыс ақад. драма театрында қойылған спеқтақльдерге, сондай-ақ "Алтын мүйіз" (1948), "Жамбыл" (1953), т.б. фильмдерге арнай портреттік гримдер жасады. 1927 жылдан Мәсқеудің, Шымкент пен Алматының театр студиялары мен мектептерінде оқытушы болған. "Грим өнері" (1932, Мәскеу) атты кітаптың авторы.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар