Хадиша Баймолдақызы Жиенқұлова (10 қараша 1916, Алматы - 1 мамыр 1982, сонда) — актриса.

Өмірбаяны 1950 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрында қызмет етті.

Ойнаған рөлдері Хадиша ойнаған рольдер қатарында Бике (М.Иманжановтың "Менің махаббатымында"), Салтанат, Ақ-бала (М.Әуезовтің "Абайы" мен "Қарагөзінде"), Құмархан (А.Қаһардың "Ауру тістерінде"), Варвара (А.Н. Островскийдің "Найзағайында"), Мехмене Бану ("Фархад - Шырындай, Мирандолина ("Қонақ үйдің қожасында"), т.б. бар. 1954 жылдан киноға түскен ("Дала қызында" Гүлсара, т.б.).Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965260958

Фильмографиясы 1954 - Дала қызы - Гүлсара 1957 - Оның уақыты келеді - эпизод 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - эпизод 1966 - Жоғалған дос - эпизод 1980 - Ебелек - эпизод

Дереккөздер