Сауық кеші - 19 ғасырлардың аяғы мен 20 ғасырлардың басында оқыған қазақ жастары ұйымдастырған ойын-сауықтар. Сауық кештері бағдарламасынан ән, би, күй, қазақтың ұлттық ойындары, айтыс, көркемсөз кен орын алды. Ішінара шағын пьесалар қойылды. 1911 - 16 ж. Ақмешіт, Атбасар, Қызылжар, Орал, Семей қалаларында тұрақты көркемөнерпаздар үйірмелері мен өнер әуесқойлары қоғамдары жұмыс істеді. Сауық кеші Шығыс кеші деген атпен де өткізіліп тұрған. Сауық кештің қазақ театр өнерінің қалыптасуына үлкен әсері болды.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Мәдениет