Миссури (), жергілікті үндістердің тілінде «суы лай өзен») — Солтүстік Америкадағы өзен. Миссисипидің ірі (оң) саласының ұзындығы 4740 км, алабы 1370 мың км2 (оның 10 мың км2 Канада жерінде). Орташа су ағымы 260 м3/с. Ірі салалары – Йеллоустон, Платт, Канзас.

Бастауы Джефферсон және Мадисон өзендерінің қосылған тұсынан басталып, жоғарғы ағысында Сеңгір тау шатқалдарымен сарқырамалар жасап ағып, Миссури үстіртімен қиылысады.

Төменгі ағысы Орталық жазықтағы кең аңғармен жайылып ағады.

Гидрологиясы Миссури қар, жаңбыр суымен толығады. Деңгейі жиі өзгеріп тұрады. Көктемгі жаңбырда 8 – 12 метрге көтеріліп, су ағымы 19000 м3/с-қа жетіп, күшті тасқын болып тұрады.

Өзен суы көп мөлшерде тосқындар алып келеді (жылына 220 миллион тонна). Суы өте лай.

Маңызы Ірі бөгендері – Форт-Пек, Гаррисон, Оахе кешенді түрде (су ағыстарын реттеу, суару жүйесін дамыту, кеме қатынастарын жақсарту бағытында) пайдаланылады. Ірі өзен кемелері Су-Сити қаласына, шағын кемелер Форт-Бентон қаласына дейін бара алады.

Жағалауындағы ірі қалалары мен порттары – Омаха, Канзас-Сити.

Сілтемелер

https://web.archive.org/web/20100527125158/http://infolink.cr.usgs.gov/Science/MoREAP/moreap_brief.htm

Санат:АҚШ өзендері