thumb|alt=|270 px|Карбон қышқылының құрылымдық формуласы

Физикалық қасиеттері Қаныққан карбон қышқылының алғашқы үш мүшесі: құмырсқа, сірке және пропион қышқылдары өткір иісті, сұйық заттар, суда жақсы ериді. Бірақ молекуласы ұлғайған сайын ерігіштігі күрт төмендейді. Май қышқылының жағымсыз иісі бар, суда нашар ериді, жоғарғы карбон қышқылдары С10-нан бастап қатты заттар. Гомологтық қатарда молекулалық массаларының өсуіне қарай суда ерігіштігі кемиді, қайнау температуралары өседі. Құрамында бірдей көміртек атомдары бар спирттер мен карбон кышқылдарының қайнау температураларын салыстырайық. Спирттерге қарағанда сәйкес карбон қышқылдарының қайнау температуралары едәуір жоғары. Олардың қайнау температураларының жоғары болу себебі, екі карбон қышқылы арасында молекулааралық сутектік байланыс түзіліп, димерленеді. Карбон қышқылы молекулалары арасында біреуінің оттек атомы мен екіншісінің гидроксил тобындағы сутек атомының арасында екі сутектік байланыс түзіледі.

Химиялық қасиеттері нобай|оңға|Карбон қышқылдары Сірке қышқылының химиялық қасиеттері бейорганикалық қышқылдардың қасиеттеріне ұқсас. Сірке қышқылының молекуласы сулы ерітіндідедиссоцияланады: CH3COOH <=> CH3COO- +H+ Сірке қышқылы әлсіз қышқылдарға жататындықтан, көк лакмусты ақшыл қызғылт түске боялады.Сірке қышқылының қышқылдық сипаты карбоксил тобының (-СООН) құрамындағы сутек атомына байланысты болады. Сірке қышқылы белсенді металдармен әрекеттескенде, карбоксил тобы құрамындағы сутек атомы бөлініп шығады. Мысалы, сірке қышқылының магниймен реакциясы нәтижесінде сірке қышқылдымагний тұзы түзіледі: 2CH3COOH + Mg -> (CH3COO)2Mg + H2↑ Сірке қышқылының тұздары ацетаттар деп аталады. Срке қышқылының қалдығы - ацетат анионының СН3СОО- жалпы валенттігі бірге тең. Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет, суретті. ISBN 9965-36-092-8

Бірнегізді карбон қышқылдарының гомологтық қатары +Қышқылдың атыФормуласыҚайнау температурасы (°C)ҚұмырсқаH -COOH101СіркеCH3-COOH118ПропионCH3-CH2-COOH141МайCH3-CH2-CH2-COOH163ВалерианCH3-CH2-CH2-CH2-COOH186КапронCH3-(CH2)4-COOH205ЭнантCH3-(CH2)5-COOH223ПальмитинCH3-(CH2)14-COOHМаргаринCH3-(CH2)15-COOHСтеаринCH3-(CH2)16-COOHОлеинCH3-CH=CH-(CH2)13-COOH Химия. 9 сынып. Усманова М. Атамұра 2019

Дереккөздер

Санат:Карбон қышқылдары Санат:Бор қосылыстары Санат:Хлор қосылыстары Санат:Көміртегі қосылыстары