Ақ сырлар — құрғақ ақ пигменттердің жене солардың негізінде жасалған ақ түсті бояулардың жалпы атауы.

Висмутты ақ сырлар — висмут нитраты негізінде алынатын ақ сыр;

Карбонатты қорғасынды ақ сырлар — қорғасынның негіздік карбонатынан алынатын ақ сырлар;

Қорғасынды ақ сырлар - қорғасынның негіздік тұздарынан алынатын ақ сырлар;

Муфельдік ақ сырлар - қыздырылған муфель пештерінде мырышты буландыру арқылы алынатын ақ сырлар;

Мырышты ақ сырлар - мырыш оксиді негізінде жасалған ақ сыр;

Пештік ақ сырлар - айналмалы пештерде мырышты буландыру арқылы алынатын мырышты ақ сырлар;

Сульфатты қорғасынды ақ сырлар — қорғасынның негіздік сульфатынан алынатын ақ сырлар;

Сүрмелі ақ сырлар — үш валентті сүрме оксиді негізінде жасалған ақ сыр;

Титанды ақ сырлар - құрылымы рутил және анатаз тәріздес титан диоксидінің негізінде жасалған ақ сыр.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8

Дереккөздер

Санат:Ғылым Санат:Терминология Санат:Химия