Алитирлеу — жоғары температурада тотығудан қорғау үшін болаттан жасалған бұйымдардың бетін алюминиймен қанықтыру әдісі мен процесі. Шойын мен болаттан жасалған заттарды балқыған алюминийге батырып алса, алюминий қызған шойынның өте тар саңылауларына сіңіп онымен қатты ерітінді түзеді, бұдан ол заттар 900°С-қа дейін тотықпайтын болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Терминология Санат:Химия Санат:Техника Санат:Машина жасау