Есек батыр Есенқұлұлы (Есек мерген) (туған-өлген жылы белгісіз) — Байұлы тайпасы Адай руының Қосай бөлімінен шыққан батыр.
18-ғасырда Адай, Байұлы руларын бастап, Сауран маңынан Арал теңізінің солтүстік батысына қоныс аударады.
Ембі, Темір, Ойыл өзендерінің бойын жайлаған қалмақтарға қарсы халық күресін басқарушылардың бірі болды. Есекей халық күресін басқарған шақ Жоңғар шапқыншылығынан туған 18 ғасырдың 1-жартысындағы «Ақтабан шұбырындының...» кезі еді. Қалмақтардың қысымынан қазақтар Орта Азия хандықтарын айналып Ембі, Елек бойына бет түзеген болатын. Есекей бастаған рулар Жем өзені бойына қоныстанды. Ел қамын ойлаған батырдың ісі кейінгі ұрпаққа аңызға айналған.
Солтүстік Үстіртте Есекей атында топонимдер мен гидронимдер («Есек жал – биік», «Есет құдығы», «Жемнің құяр саласындағы арал», т.б.) көп сақталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997 Дереккөздер
Санат:Қазақ батырлары Санат:Қазақ-жоңғар соғысына қатысушылар Санат:Түркістанда туғандар