Жарғыш — оқ-дәріні әрекетке келтіру үшін қолданылатын құрылым. Жарғыштар: орнатылуы бойынша (артиллериялық снарядтар мен миналарға, ракеталар мен торпедалардың ұрыс бөлшектеріне, инженерлік және теңіз миналарына, авиабомбаларға және басқаларына), әрекет ету принципі бойынша (түйіспелі, ара қашықтық, түйіспесіз, аралас әрекеттер), оқ-дәріде орналасуы бойынша (басты, түпкі, бүйірлі, сапалы орналасу) басқа белгілеріне қарап сараланады.
Жарғыштың қауіпсіздігі, нақты айтқанда, оның алдын ала жарылмайтындығы тежегішпен қамтамасыз етіледі. Жарғышты дайыңдыққа келтіру әрекетті жарылғышты қайыру деп аталады. Оқ-дәрінің әр түрлі орындарында орналасқан бірнеше блоктан тұратын жарылғыштар жарғыш құрылымдар деп аталады. Жарғыштардың алғашқы түрлері 16 ғасырда пайда болды. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс