Негізгі ату алқабы (Основная огневая полоса) — қорғану кезінде мотоатқыштар (танк) бөлімшелері (ротаның, взводтың, бөлімшенің) атысымен қарсыласты шығынға ұшыратуға арналған жергілікті жер алқабы. Оны ату жүйесін ұйымдастыру кезінде командир тағайындайды. Негізгі ату алқабыда бақылау ұйымдастырылады, ату құралдарына міндеттер белгіленеді. Ату аумағы мен бөлімшелердің шоғырландырып ату өңірлері тағайындалады, сонымен бірге пулеметтерге, зеңбіректерге, танкілерге және басқа да ату құралдарына негізгі және қосымша ату секторлары белгіленеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс