Кері теппейтін артиллерия (Безоткатная артиллерия) — кері теппейтін зеңбіректерден тұратын әскери артиллерия. Ол танк және басқа сауытты нысаналарды жоюға арналады. Кері теппейтін артиллерия мотоатқыштар (мотожаяу әскер, жаяу әскер), авиадесант бөлімшелер және құрамалар құрамына кіріп, олардың ұрыс сапында әрекет жасайды. Кері теппейтін артиллерия үшін атыс позициялары қапталдан тікелей көздеумен ұрыс жүргізуді есепке ала отырып, танк шабуылы қаупі бар бағыттарда таңдалынады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс