thumb|Түрлі түсті кәмпит нобай|Шоколадты кәмпит нобай|Баташа - Оңтүстік Азияда кездесетін дәстүрлі тәттілердің бірі. нобай|Баттерскотч кәмпиттері. нобай|Компэйто - ұлттық жапон тас кәмпиті. Дайын түрде шамамен түгел қанттан жасалған. Кәмпит () — түрлі-түсті пішінді, дәмі әртүрлі, құрамында 60-75% қанты бар, жұмсақ та, қатты да болып келетін кондитерлік өнім. Кәмпит өндіру технологиясы және сыртқы пішіндеріне қарай екі топқа бөлінеді: глазурленген және глазурленбеген. Глазурлеу үшін шоколад, май, т.б. қолданылады. Иристер, помадалы кәмпиттердің сырты глазурленбей шығарылады.

Кәмпит массаларының түрлері: помада, жеміс-жидек, марципан, жаңғақ (пралине), сүт, шайқалған, ликер, кілегей, карамель негізіндегі, гриль, тәтті жемістер, кептірілген жемістер, алкогольді жемістер, жидектер.

Глазурь түрлері: шоколад, помада, қант, май, сүт шоколады, шоколадты бадам, жеміс желе, карамель массасы.

Дереккөздер

Санат:Кондитер өнімдері