Профилактика (грек. ргорһуlaktikos — сақтандырғыш) — машиналарды (техникалық құрылғыларды, бұйымдарды және т.б.) жұмысқа қабілетті күйде ұстап тұруға арналған жоспарлық — алдын алу операцияларының жиынтығы. Профилактика әдетте, алдын ала белгіленген мерзім ішінде жүргізіледі және машинаны тексеруден, оның жекелеген тетіктері мен түзілімдерін ауыстырудан немесе жөндеуден, тазалаудан, майлаудан, баптаудан және т.б. тұрады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
Дереккөздер
Санат:Техника Санат:Машина жасау