Дозиметриялық және химиялық бақылау () — халықты радиациядан және химиялық қарулардан қорғаудың құрамдас бөлігі. Дозиметриялық және химиялық бақылау жасақтардың адам құрамының, жұмысшылардың, қызметшілердің жұмыс қабілетін бағалау, медициналық көмек көрсету, адамдарды санитариялық тазартудан өткізу, ауыл шаруашылығы малдарын малдәрігерлік тазартудан өткізу, азық-түлікті, суды, мал азығы мен ғимараттарды залалсыздандыру көлемін анықтау үшін мәліметтер алу мақсатында ұйымдастырылып, жүзеге асырылады. Дозиметриялық және химиялық бақылауды жүргізу үшін арнаулы радиациялық және химиялық барлау аспаптары пайдаланылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс