Дрейф () — 1) Кеменің су бетіндегі бөлігінін өз бағыты желісінен жел әсерінен шығуы. Кеменің басты бағыты мен сол кездегі орын ауыстыруының арасындағы бұрышпен сипатталады. Дрейф жолды есептеу кезінде ескеріледі. 2) Жел, толқын, ағынның әсерінен суда және ауада еркін жүзетін объектілердің ыгуы (зәкірдегі немесе машиналары тоқтаған кеме (зәкірі ұстамайды), жүзетін мина, теңіз мұзы, аэростат, әуе шары және т.б.).Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс