Жайық — Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Челябі, Орынбор облыстары) мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен. Өзен Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөлуші Орал тауларынан бірге шекара болып есептеледі. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2, Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км.
Бастауы Орал тауының оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталып, Атырау қаласы орналасқан Каспий теңізінің бөлігіне құяды. Жайық өзені Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ, арасында қайраңдар бар. Ресей жеріндегі Орск қаласына дейінгі бөлігінде Жайыққа оң жағынан Таналық, сол жағынан Ор салары құяды. Орск қаласынан төменде өзен батысқа бұрылып, Губерли шатқалымен (ұзындығы 45 км) өтеді. Жазық даламен ағатын тұсында сол жағынан Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сакмар, Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау, Гүбірлі, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Құмақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды. Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Қаладан өткенен кейін өзенге Көшім бөгені салынып, Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі тартылған. Жайықтың 80%-і қар суымен толығады.
Сөз төркіні Бұл атаудың шығу, пайда болу тарихымен мән-мағынасы жайлы әртүрлі жорамалдар бар. Өзеннің Жайық атауы 1775 жылға дейін қолданылған. Өзен атының өзгеруіне 1773 жылғы 17 қыркүйекте Гурьев қаласының маңындағы орыс-казактарының көтерілісі себеп болды. Жайық қалашығынан басталған бұл жорықты Е.Пугачев пен Зарубин басқарды.
Екатерина ІІ жарлығы бойынша (Е.Пугачев көтерілісін халық жадынан өшіру мақсатымен) Орал деп атады. Ал жергілікті халық оны Жайық, Ақжайық деп те атайды.
Ол туралы біздің дәуірімізге дейінгі грек ғалымдары еңбектерінде мағлұмат берілген. Клавдий Птолемейдің «География» атты еңбегінде «Дайкс » деп аталса, ортағасырлық саяхатшы, араб ғалымдары Ахмед ибн Фадланның жазбаларында Джаих деп аталған.
Академик В.В.Бартольд: «Птоломей заманында Волга өзенінің аты фин тілінде Ра-Урал, ал түркі тілдерінде Даикс (Яик)» атымен белгілі болған, -деп жазды. Көрнекті түріктанушы Н.А.Баскаков Жайық топонимінің алғашқы даих нұсқасы алтай тілінің куман диалектісінде: «Даиқ – өзен тасқыны» мәнін білдіреді деп жазды. Ғалым топономист А.Әбдірахманов сөз түбірі – жай, жаю, жайылу етістігінің де түп төркіні осы сөзден шығады, осыған –ық жұрнағы қосылып «Жайық» гидронимі жасалған деген пікір айтқан.Жер-су атаулары (этимологиялық анықтамалық) «Өнер» баспасы, Алматы 2011 ISBN 978-601-209-161-8
Гидрологиясы Орал тау жотасынан басталып, жоғарғы бөлігінде Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салынған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ, арнасында қайраңдар бар. Суды жинау көлемі – 220 мың км2 . Өзен ағысының маусымдық және көпжылдық өзгерістері Жайық алабының табиғи геожүйелік тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Ағыс режимінің ауытқуы жайылма–арна–атырау жүйесінің өзара байланысын айқындап, су деңгейінің төмендеуі немесе көтерілуі экожүйелердің күйіне және биологиялық өнімділікке ықпал етеді. Су сақтағыш, алқап, арна сипаттары бойынша Жайық өзенін 3-ке бөледі (ағыстар): жоғарғы, орта және төменгі.
Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Қаладан өткеннен кейін өзенге Көшім бөгені салынып, Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі тартылған. Жайық көбіне қар суымен (80%) толығады. Су тасу кезінде орта ағысы тұсында арнасы 10 км-ге, ал атырауында бірнеше ондаған км-ге дейін жайылады. Өзен жоғарғы ағысында – қарашаның басында, орта, төменгі бөлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, көксерке, Каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады. Жайықтың бойында орналасқан Ресей қалалары: Верхнеуральск, Магнитогорск, Орск, Новотроицк, Орынбор, Қазақстан қалалары: Орал (кеме қатынасы басталатын жер), Атырау. Еуропа мен Азияның шартты шекарасы Жайық өзені бойымен өтеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
Салалары Ресей жеріндегі Орск қаласына дейінгі бөлігінде Жайыққа оң жағынан Таналық , сол жағынан Ор салалары құяды. Орск қаласынан төменде өзен батысқа бұрылып, Губерли шатқалымен (ұзындығы 45 км) өтеді. Жазық даламен ағатын тұсында сол жағынан Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сақмар, Гүбірлі, Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау, Гүмбей, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Үлкен Құмақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды. Орта ағысында Жайык 30-ға жуық салаларын қабылдайды. Төменгі жағындағы шөлейт өңірде салалары азайып,көпшілігі жаз айларында тартылып қалады. Бастауынан сағасына қарай ірі салалары: Таналық, Ор. Сақмар, Елек, Шаған, Өлеңті, Бұлдырты. Қалдығайты тармактары: Кошім, Бағырлай, Бақсай.
Төменде Жайық өзенінің салалары көрсетілген:https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1600074http://textual.ru/gvr/index.php?card=186324 Өзендер Ұзындығы Шекарасы Өзендер Ұзындығы Шекарасы Ақсай 110 Атырау облысы Аксакалка 18 Орынбор облысы Алабайталка 12 Орынбор облысы Алимбет 45 Орынбор облысы Бағырлай 239 Б.Қазақстан, Атырау обл. Бақсай 106 Атырау облысы Барал 21 Башқұртстан Барбастау 45 Батыс Қазақстан облысы Бердянка 65 Орынбор облысы Бирся 30 Башқұртстан Бурлы 37 Орынбор облысы Бурля29 Орынбор облысы Буртя 95 Орынбор облысы Греховка 10 Челябі облысы Губерля 111 Орынбор облысы Гумбейка 202Башқұртстан, Челябі, Орынбор обл. Донгуз 95 Орынбор облысы Елек 623 Орынбор, Батыс Қазақстан обл. Елшанка 40 Орынбор облысы Елшань 11 Челябі облысы, Башқұртстан Жоғарғы Гусиха 23 Челябі, Орынбор обл. Зингейка 102 Челябі облысы Иртек 134 Орынбор облысы Каралга 21 Орынбор облысы Каранъелга 13 Башқұртстан Каргалка 70 Орынбор облысы Кендірлі 22 Орынбор облысы Кинделя 145 Орынбор облысы Киялы-Буртя 80 Орынбор, Ақтөбе облыстары Кургаш 21 Башқұртстан Кіші Қызыл 113Башқұртстан, Челябі облысы Кіші Түсті 18 Башқұртстан Қандыбұлақ 23 Башқұртстан Қарабұтақ 26 Челябі облысы Қарағашты 13 Орынбор облысы Мечетка 19 Орынбор облысыМиндяк 60 Башқұртстан Ор 332 Орынбор, Ақтөбе облыстары Орта Гусиха 15 Орынбор облысы Письменка 18 Орынбор облысы Погромка 45 Орынбор облысы Ржавчик 16 Челябі облысы Сақмар 798 Башқұртстан, Орынбор обл. Суундук 174 Орынбор облысы Таңалық 225 Башқұртстан, Орынбор обл. Тарлау 11 Башқұртстан Терекла 23 Ақтөбе облысы Төменгі Гусиха 18 Орынбор облысы Тұздыкөл 20 Орынбор облысы Урляда 42 Челябі облысы Урта-Буртя 115 Орынбор, Ақтөбе облыстары Үлкен Кумак 112 Орынбор облысыҮлкен Қызыл 172Челябі облысы Үлкен Уртазымка 87 Башқұртстан, Орынбор облысы Худолаз 81 Челябі облысы Шаған 264 Орынбор, Батыс Қазақстан обл. Шыңғырлау 290 Батыс Қазақстан облысы Эбита 47 Ақтөбе облысы Ямская 20 Челябі облысы Янгелька 73 Башқұртстан, Челябі облысы
Шекарааралық Жайық өзені
Башқұртстан шекарасында Жайық өзенінің бастауы Оралтау жотасында, теңіз деңгейінен 600 м биіктікте орналасқан Нәжімтау тауының етегінде орналасқан. Бұл жерден 12 шақырым жерде Башқұртстанның Учалин ауданына қарайтын Вознесенка ауылы орналасқан.https://kamnedelmiass.ru/v-kakoe-more-vpadaet-ural-reka-ural-v-rossii/
Жайық өзені Башқұртстан арқылы 130 км ағады. Су жинау алабы Башқұртстан Республикасының аумағында-27300 шаршы км (республика аумағының 19% - ы). Ең көп сулы-Самар өзені болып табылады, ол ауданы бойынша небәрі 7,3% - ды ғана алып, жылдық ағын нормасының 40% - ын береді. Республика аумағында қалыптасатын ағынның орташа ағыс көлеміндегі Орал өзені бассейнінің үлесі, сондай-ақ өзен суларының республикадан кетуі 9,12% - ды құрайды. Жайық өзені бассейнінің өзен суларының ағыны Башқұртстан Республикасының аумағында жоқ.ГИДРОЛОГО-ГИДРОХИМИЧЕСКАЯ ХАРАКТЕРИСТИКА БАССЕЙНА РЕКИ УРАЛ НА ТЕРРИТОРИИ РЕСПУБЛИКИ БАШКОРТОСТАН. https://cyberleninka.ru/article/n/gidrologo-gidrohimicheskaya-harakteristika-basseyna-reki-ural-na-territorii-respubliki-bashkortostan
Бұлақ бастауында оларды бір ағысқа бағыттаған бес қайнар көзі бар. Бұлақтардың айналасында қара-жасыл, қара қоңыр түсті қайың орманы бар. Ал одан әрі ылғалдың көзі болып табылатын батпақтар жалғасады. Бұлақтардың бірінің астынан өзен қайнары шағын вулкандарша атқылауда. Оның жанында «Осы жерден Жайық өзені басталады» деген шойын плита тақтасы орнатылған. Тақтада Жайық өзенінің жағасында орналасқан қалалардың атаулары бар лента бейнеленген. Батпақтардан өтіп, Жайық негізгі, оңтүстік бағытқа қарай бет алады. Тар және терең шатқалдардан, тау сілемінен өтіп, өзен жартастары арасында жылдам ағып, Орал даласына шығады.А.А.Чибилёв Река Урал: Историко-географические и экологические очерки о бассейне р. Урал. — Л.: Гидрометеоиздат, 48-бет.
Челябі облысы шекарасында Челябі облысы арқылы өтетін Жайық өзенінің жалпы ұзындығы 382,5 шақырымды құрайды. Облыс аймағында Волковское ауылына дейін өзен жылдам ағысы бар тау өзені ретінде келеді. Верхнеуральск қаласынан кейін - Жайық тегіс өзен ретінде ағып, Магнитогорскіден кейін ол қайтадан тар тасты жағалауларда ағады. Жайық Челябі облысының шекарасын Қызыл ауданының Первомайский кенті арқылы кесіп өтеді.
Жайықтың көптеген салалары бар, олардың ішіндегі ең ірілері (Челябі облысында): Гумбейка, Зингейка, Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл және Үлкен Қараған.
Жайық суы елді мекендерді және Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Магнитогорскіде өзенге екі су қоймасы салынды — Верхнеуральск және зауыттық тоған.
Жайық Челябі облысының үш үлкен елді мекенін - Верхнеуральск, Магнитогорск және Кизилское, сонымен қатар бірнеше ондаған шағын қалалар мен ауылдар арқылы ағып өтеді.
Жайық жағасында өте әдемі жартастар, төбелер, шыңдар - Верхнеуральск маңында Үлкен және Извоз-Гора таулары, Янгельское ауылының жанындағы Ақ-Тас шатқалы, Кизилскийдің жанындағы Көк Шихан тауы кездеседі.
Челябі аумағындағы Жайық өзенінен көксерке, табан, сазан, жайын балықтары кездеседі. Өзен Еуропа мен Азияның табиғи шекарасы болғандықтан, жағалауларда және әсіресе көпірлерде көптеген ескерткіш белгілер орнатылады.http://www.xn--74-6kca2cwbo.xn--p1ai/nature/lakes_rivers/ural_reka/
Орынбор облысы шекарасында Жайық Орынбор облысын шығыстан батысқа қарай 1 164 шақырым үстінде облыстың 10 ауданынан өтеді. Басында өзен оңтүстікке Орск қаласына дейін ағады. Бұл жоғары ағыс болып саналады. Содан соң кенет батысқа бұрылады. Ендік бағытта 850 км Орал қаласына дейін (орта ағыс), қайтадан оңтүстікке бұрылады, осы бағытты Каспий теңізіне дейін сақтайды (төменгі ағыс, аралығы 840 км.).
Орск қаласынан басталардағы, жоғарғы ағыс шегінде, өзен солтүстіктен оңтүстікке меридиандық бағытта Оралдың шығыс баурайы бойы енсіз алқапта, ізбестерден салынған құздар арасынан ағады. Ең терең жерлері - 3 м.. Өзеннің бұл жері таулы сипатта болады.
Орск қаласынан 70 км жерде Ириклин су торабы салынған. Бұл бөген Жайық өзенінің деңгейін 30 метрден астамға көтереді. Көктемгі тасқын кезінде толып, Ириклин бөгені жыл бойы біртіндеп өз көлемінің, шамамен жартысын өзенге береді.
Орск қаласынан Орал қаласына дейін өзен кең алқапта орташа ағыста ағады. Енсіз таулы жерлері сирек кездеседі. Өзен тегіс саяз жерлерге айналады.
Орынбор қаласы аумағында Жайық өзеніне ең ірі оң тармағы Сақмар ағады. Оның ұзындығы 761 км, алқап көлемі 29,1 мың км. Сақмар алабын көп қарлы және тармақтанған өзен жүйесі бар орман жабады. Тек Орынбор облысы шеңберінде Сақмарға құйылатын 290 өзен саналады. Сақмардың су айдауы Жайықтан шамамен 1,5-2,0 рет артық, одан қалыпты ағуымен және көктемгі тасқынының ұзақтылығымен ерекшеленеді.