Қазақ инженерлер бірлестігі (KIB) - Қазақстан инженерлерінің коммерциялық емес қоғами бірлестігі. KIB 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап Бүкіләлемдік Техникалық Ұйымдар Федерациясының корреспонденттік мүшесі . 2010 жылы Бірлестіктің интернет сайты AWARD.kz-2010 атты қазақстандық ең жақсы интернет-сайты конкурсына қатысты . Бүгінгі күнде бұл бірлестік қазақ техникалық мамандарының қамын ойлап, олардың құқықтарын қорғайтын тұңғыш және жалғыз ұйым болып табылады.
Негізгі мақсаттар қазақ инженерлерін біріктіру; бірлестік мүшелерінің кәсіби мүдделерін қанағаттандыру, жүзеге асыру және қорғау; қазақша сөйлейтін жас қазақ мамандардың кәсіби салада өсуіне қамқор жасау; инженерлік мамандықтың қадірін көтеру ; ғылым және техникалық прогрессты дамыту; мемелекеттік техникалық тілдің ортасын құруына қамқор ету.
Миссия
Бірлестік өзінің миссиясын ашық, икемді, алғыр, заманға лайық ғылым және техникалық қызметкерлерді біріктірген қоғамын құруында деп біледі.
Бірлестіктің құндылықтары
Адалдық, әділдік, адамгершілік; Сыйластық, бір-бірін құрметтеу; Кәсіби өркендеу.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ресми сайты
Санат:Қазақстан қоғамдық ұйымдары