Хұсаинов Елжас (1937, Алматы – 2000) – хирург-дәрігер, КСРО «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (1976).

Өмірбаяны Семей мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Медициналық академия) бітірген (1963).

1963 – 72 ж. Өскемен, Зайсан, Днепропетровск қалаларында хирург, 1973 – 2000 ж. Ақтау қаласында облыстық ауруханада хирург-дәрігер, операциялық бөлім бастығы, бас дәрігердің орынбасары, қалалық емхананың хирургия бөлімінің бастығы болды.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002

Дереккөздер

Санат:Қазақстан хирургтары Санат:КСРО денсаулық сақтау ісінің үздіктері Санат:Семей мемлекеттік медицина университеті түлектері Санат:Ақтау тұлғалары