Әли Өтепұлы Сахимов (1953 жылы туған, Ресей, Астрахан облысы Краснояр ауданы) – әкімшілік қызметкері, заңгер. Волгоград ауыл шаруашылық институтын (1974), Бостон қаласындағы (АҚШ) Массачусетс университетін (1996), халықаралық еңбек академиясын (2004) бітірген. 1974 – 82 жылы Астрахан облысында жұмысшы, нұсқаушы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, ауданы комсомол ұйымының хатшысы, 1982 – 93 жылы Ералиев ауданы ауыл шаруашылық басқармасында аға экономист, ауданы партия комитетінің 1-хатшысы, облысы партия комитетінде нұсқаушы, 1-хатшының көмекшісі, 1996 – 2003 жылы облысы көші-қон департаментінің бастығы болған. 2003 жылдан облысы әкімшіліктің аппарат басшысы қызметін атқарады. «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:1953 жылы туғандар