"Теңіз диірмендері" - жартасты теңіз түбінің немесе жағалық карст жартастардың оқпан тәрізді ойықтары. Олар арқылы теңіз суының көтерілуі кезінде су қатты екпінмен төмен күлдилап, жол бойы су иірімдерін түзеді (мысалы, Адриат теңізіндегі Истрия түбегінің Шығыс жағалауындағы "Шайтан құдық"). Жергілікті тұрғындар судың күшін су диірменін айналдыруға пайдаланады, терминнің атауы осыдан шыққан.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:География және геодезия