Өтетілеу Өтемісұлы «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007(1886, Үстірт, Оғыланды тауының батыс жағындағы Аққуыс қонысы – 1973, Шөжік қорымы) – шебер. Нағашы ағаларынан ағаш, темір, былғары илеу шеберліктерін үйреніп, үй тұрмысына қажетті әр алуан зат-бұйымдарды (тостаған, зере, ожау, қасық, темір қақпан, астау, қауға, мылтық, етік, мәсі, кебіс, домбыра, жүкаяқ, т.б.) жасаумен оның есімі ел арасында кең тараған. Халық емшілігімен де айналысқан. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар