Құбайдолла Махутов (1950 жылы туған, Атырау облысы Жылыой ауданы) – геолог, геология-минералдар ғылым кандидаты (1985), философия ғылым докторы (1993). Қазақстан Минералдық ресурстар академиясының корреспондент мүшесі (1966), ҚазПТИ-ді (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1972). 1975 – 1987 жылдары – «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігі жүйесінде әр түрлі инженер-техник жұмыстарды атқарды. 1987 – 1997 жылдары «Маңғыстаумұнайгазбарлау» экспедициясының бас геологы, «Маңғыстаугеология» АҚ-ның вице-президенті, «Қазполмұнай» ЖАҚ бас директоры. 1998 жылдан «Арман» ЖШС-нің директоры. Жер қойнауының барлау үздігі.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер
Санат:Тұлғалар
Санат:1950 жылы туғандар