Құрманбек Момбеков (1902, Төбекүм мекені — 1989, Қоғам ауылы) — құсбегі.
Әкесі, арғы аталары атақты құсбегілер болған. Қырандарды түрге, топқа, текке айыра алатын, оларды өз ішінен жікке, туыстыққа, ұрпаққа бөле білетін өте білгір құсбегі ретінде танылған Қызылқұмда өзіндік дәстүрі бар құсбегілік мектебін қалыптастырған. Ол әсіресе құм бүркітінің табиғи ерекшеліктерін жетік білген, түр-тұлғасына қарай айырып, баптаған. мертіккен құстарды емдеген. Момбеков қазақ халқының ежелгі мәдени мұраларының бірі — саятшылық өнерді сақтап, оған қатысты көптеген сөздерді, құстардың биологиясы жайлы ұлттық мағлұматтарды кейінгі ұрпаққа жеткізген.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар