Рубен Арамаисович Григорян (1917, Түркия, Карс қаласы Эриван губерния – 1976) – өндіріс істерінің ұйымдастырушысы, Социал Еңбек Ері. Мәскеудің кен институтын бітірген (1940). Машина жасау мин. жүйесінде, стратегиялық маңызды кәсіпорында инженер, кәсіпорын басшысы. ГДР-де (қазіргі ГФР) үш жылдан астам еңбек еткен. 1961 жылдан кәсіпорнының бастығы, Каспий аймақтық кен-металлургия комб-ның директоры, құрылыс басқармасының бастығы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Лениндік және Мемл. сыйлықтардың лауреаты. Григорян Ақтау қаласының құрметті азаматы, оның атында көше бар. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Социалистік еңбек ерлері