Марат Ғасреддинұлы АрыстанбаевМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; (1974, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы – 2007) – ғалым, филология ғылым кандидаты. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1995). 1996 жылдан АқтМУ-дағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында аға оқытушы. Қазақ тіл білімінің стилистика, тіл мәдениеті, терминжасам салалары бойынша ғылыми мақалалары, «Мұнайгаз терминдерінің орысша-қазақша сөздігі» атты кітабы жарық көрген (2007). Дереккөздер
Санат:Тұлғалар