Бірқазан Бозащыдағы Мәстек құдығының солтүстік-батысында 10 км жердегі сор. Оңтүстік-шығыс беткейі жарқабақты. Сор табанында түбі тайыз, суы тұщы 3 құдық бар. Біреуінің басына тасақыр қойылған. Суы аздығы себепті қолданыстан шығып қалған. Сордың солтүстігін Қоңырорпа құмды шағылы алып жатыр. Бірқазан атауы өнімі өте аз, су көзі кейде қой қарнын әзер толтыруға жетеді деген мағынаға ие. Мұндай су көздері, жер атаулары көп.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер