Салпаң аңғар — өзінен төменде жатқан үлкенірек (бас) аңғардың түбіне кертпештеніп, опырыла орналасқан өзеннің немесе мұздықтың бүйірлік аңғары. Әдетте, Салпаң аңғар таулы аудандарға тән, негізінен, бас аңғардың түбін қарқынды эрозияның қайта-қайта тереңдеп жыруы немесе қуатты мұздықтың аңғар бүйірін жыртуы тоқтаған кезде пайда болады. Сонымен қатар көлдер мен теңіздердің жағаларында эрозия базисінің төмендеуін туғызатын суқоймалар деңгейлерінің тез өзгеруінен және жағаларды соқпа толқындардың қарқынды бұзуы салдарынан да пайда болуы мүмкін.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер
Санат:География және геодезия