Борлыторым – Маңғыстау ауданындағы Үштаған құмында, Мырзайыр ойпаңының шығыс шетіндегі суы тұщы қос құдық. Суы мол. 50-жылдардың басында құдық басына жел двигателі (қозғалтқышы) орнатылып, сол арқылы су алынды. Борлыторым Тасбас мұнай кен орны барлаушыларының ауыз су қажетін өтеп тұрды (1954 – 56).«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006;
Дереккөздер
Санат:Құдықтар