Михаил Михайлович Бортник (1960 жылы туған, Павлодар облысы Ертіс ауданы Ұзынсу) – мемлекеттік қайраткер, инженер-энергетик.
Өмірбаяны Павлодар индустриялды институтын (1982) Орталық Азия университетін (2002) бітірген. 1982 – 98 жылы Ақтау қаласында техникалық құрал-жабдық жөндеу мастері. Пластмасса зауытында комсомол комитетінің хатшысы. ЛКЖО Шевченко қалалық комитетінің 1-хатшысы АКПО АҚ-да жылумен қамтамасыз ету телімінің бастығы, пластмасса зауытының бас энергетигінің орынбасары 1998 – 99 жылы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1999 - 2008 жылдары облыс әкімінің орынбасары. 2008 жылдан ҚР Парламент Сенатының депутаты.
Марапаттары «Құрмет» ордені «Еңбекте үздік шыққаны үшін» «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» «ҚР Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997
Жеке өмірі КСРО, Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. Әскери атағы - запастағы майор. Үйленген. Жұбайы - Бортник Ирина Ивановна (1960 жылы туған). Қызы - Бортник Марина Михайловна (1983 жылы туған); ұлы -Бортник Валентин Михайлович (1986 жылы туған).Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан энергетиктері