Держава (көне.-сл. "дрьжава" - күш, билеп-төстеу): Ірі, күшті, тәуелсіз, үлкен әскери, экономикалық және өзге әлеуеті бар, әлемдік саясатта және халықаралық қатынастарда аса маңызды рөл атқаратын мемлекет; Монархтың (патшаның, корольдың, императордың және т.б.) алтын шар, тәж немесе кресті бейнесіндегі билігінің белгісі.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Держава - тәуелсіз мемлекет. «Держава» термині мемлекеттің синонимі ретінде халықаралық саясатта ықпалды рөл ойнайтын елдерге қатысты қолданылады.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
Дереккөздер
Санат:Билеушілер