Тайшық Қазбеков(1925 жылы туған, Түрікменстан, Түрікменбашы ауданы Бекдаш кенті) – жүргізуші, Социалистік Еңбек Ері (1971). 16 жасынан сульфат өндірісінде жұмысшы болды. Кейіннен тар табанды тепловоз, автомобиль жүргізушісі болып істеген. 1955 жылы Форт-Шевченкоға қоныс аударып, осындағы автобазаға жүргізуші, 1964 жылы Жетібай автокөлік кәсіпорнында жұмысшы болды. Ұзақ жылғы мінсіз еңбегі, өндірістегі табыстары үшін Ленин орденімен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:1925 жылы туғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері