thumb|right|Қойнау-жүрекше түйініҚойнау-жүрекше түйіні (синусно-предсердный узел); (nodus sinoatrialis, — түйін, sinus — қойнау, atrium — жүрекше) — жүректің өткізгіш жүйесін құрауға қатысады. Ол жүректің оң құлақшасы мен алдыңғы (адамда жоғарғы) қуыс вена аралығындағы шекаралық сай тұсында орналасады. Қойнау-жүрекше түйіні жүректің өткізгіш кардиомиоциттерінен тұрады. Олардың цитоплазмасында миожіпшелер тым аз болады, ал диаметрі жиырылғыш кардиомиоциттердің диаметріне қарағанда 2-3 есе жуандау келеді. Қойнау-жүрекше түйінінің орталығында жүректің ырғақты (ритм) жиырылуына түрткі болып, оны іс жүзіне асыратын майда дөңгелекше келген түрткі жасушалар (пейсмекер жасушалар) орналасады.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер
Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология