Самай сүйек (, "os" - "сүйек", "temporalis" — "самай") — бас сүйектегі ми қабығының екі жақ бүйір қабырғасының астындағы жұп сүйек. Самай сүйек шеке деп аталатын бастың екі жағы мен құлақ өңірін қамтиды. Төменгі 7 ми жүйкелері және мидан шыққан/кірген негізгі қантамырлар самай сүйектен өтеді.
Самай сүйек қабыршақтық, дабылдық және жартастық бөліктерден тұрады. Қабыршақтық бөлік самай шұңқырының қабырғасын түзеді. Дабылдық бөлікті сыртқы есту жолы мен қуысты дабыл сүйегі құрайды. Жартастық бөлік ішкі құлақтың қаңқасын құрайтын қатты сүйектен тұрады.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Дереккөздер
Санат:Бассүйек