Мұрынбай Қанқожаұлы (1834-1912) - жырау, ақын, күйші. Ел ішінде өлең-жырлары көп тараған. Соның бірі - Әбдірахман қайтыс болғанда Абай мен Ділдәға келіп көңіл айтқан жұбатуы. Ол қаралы ата-анаға жапандағы бап қурайдың басынан бір боз-торғайдың ұшып кеткенін, бұл азды аяп, көптен қорықпайтын тағдырдың ісі екенін, дүниеден жақсы, жаманның бәрі өтетінін, уақыт жеткенде ажалдың алмай қоймайтынын айтып: «Ділдәшім, көтер басыңды Қайғырып босқа жыламай, Қамыққан көңлім сергісін, Абайжан, әкел насыбай», - дейді. Бастарына түскен қайғысы қанша ауыр болса да, қадірін жоғары бағалайтын Абай көңілдес замандасына өлеңмен жауап берген.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар