Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті — мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану және кинематография салаларында ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомствосы.

Тарихы ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті ҚР Үкіметінің 1999 ж. 29 сәуірдегі қаулысымен құрылды."Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 1999 ж. 29 сәуірдегі № 499 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 1999, №16, 163- бап).). 1999-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 601-602 б. (Құрастырушылардың ескертпелері). ҚР Үкіметінің 2003 ж. 24 қарашадағы қаулысымен комитет таратылып, функциялары мен өкілеттіктері ҚР Мәдениет министрлігіне берілді."Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 24 қарашадагы № 1172 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 44, 477-бап). 2007 жылы Мәдениет комитеті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрамында қайта құрылды. 2010 жылы комитет ҚР Мәдениет министрлігінің, 2012 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, 2014 жылы қайтадан ҚР Мәдениет министрлігінің құрамына еніп, Мәдениет және өнер істері комитеті болып өзгертілді де, кейін таратылды. 2021 жылы Мәдениет комитеті ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрамында қайта құрылып, 2023 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағына берілді.

Міндеттері мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Құрылымы Комитеттің 7 басқармаcы бар (2024 жылға): Кинематография басқармасы Музыка өнері басқармасы Музей қызметі және материалдық емес мәдени мұра басқармасы Жиынтық-талдау жұмысы басқармасы Репертуарлық саясат және өңірлік қызметті үйлестіру басқармасы Театр өнері басқармасыКомитет құрылымы Жиынтық-талдау жұмысы басқармасы

Қарамағындағы мекемелер «Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры» РМҚК «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының ұлттық өнер музейі» РМҚК «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК «Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы» РМҚК «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» РМҚК «Қазақстан Республикасының ұлттық орталық музейі» РМҚК «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» РМҚК «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК «Қазқайтажаңарту» ШЖҚ РМК «Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» РМҚК «Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі» РМҚК «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» РМҚК «Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры» РМҚК «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК «Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» РМҚК «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК «Республикалық академиялық неміс драма театры» РМҚК «Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры» РМҚК «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» РМҚК «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК Таңбалы мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы РМҚК «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» РМҚК

Дереккөздер

М