Қайтадан кристалдану - нақтылы минерал кристалдарының кристалдану жағдайларындағы өзгерістер (термодинамикалық өзгерістер, кристалдану ортасына тән кұрам өзгерісі және т.б.) әсерінен, олардың құрамы мен құрылысын өзгертпей-ақ қайтадан түзілуі. Бұл процесс заттың газ, сұйық және қатты түрлерінің бәрінде болуы мүмкін. Қайтадан кристалдану барысында кристалл бұрынғы қоспаларынан арылуы, өзінің мөлшері мен сырт пішінін өзгертуі ықтимал. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Дереккөздер

Санат:Геология