Кен құндылығы– кендегі пайдалы құрамдас бөліктің үлестік мөлшері. Кен құндылығын анықтау: кендегі пайдалы құрамдас бөліктің түріне, кен орнындағы қор мөлшеріне, кен денесінің орналасу сипатына, географиялық орналасуына, т.б. факторларға да байланысты. Сонымен қатар Кен құндылығы кентасты өндіруге, тасымалдауға және ұсатуға жұмсалатын технол. шығындарға да тәуелді. Кентас бай (жоғары сортты), орта құнды (қалыпты) және кедей (төменгі сортты немесе жұтаң) болып бөлінеді. Келтірілген жіктелім – тек салыстырмалы сипаттама. Әрбір кен түрінің құндылығы, оның сапалық қасиеттер жиынтығын есептей келіп халық шаруашылығы мен стратегиялық талаптарға сай анықталады. Кейде кен пайдалы құрамдас бөліктің үлестік мөлшері жағынан кедей болса да, елдегі қорының жетіспеушілігінен маңызды, тіпті тапшы дәрежеде болуы мүмкін.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер: