Джон Фицджералд Кеннеди (, JFK деген лақап атымен; 29 мамыр 1917, АҚШ, Массачусетс штаты, Бруклайн қаласы – 22 қараша 1963, Техас штаты, Даллас қаласы) — АҚШ-тың 35-президенті (1961 – 63).
Өмірбаяны Ирландиядан шыққан миллионер отбасында дүниеге келген. Лондонның экономика және саясаттану мектебін және Гарвард университетін бітірген. 1941 – 45 ж. АҚШ-тың Тынық мұхиттағы Әскери-теңіз флотында қызмет етті. 1945 ж. журналистикамен айналысты. 1947 – 53 ж. АҚШ Конгресінің төменгі палатасының депутаты, 1953 – 61 жылы сенатор, 1961 – 63 ж. АҚШ президенті болды. “Жаңа шептер” деп аталатын бағдарлама ұсынып, онда АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатын әлемдегі күштердің арасалмағының өзгеруіне қарай бейімдеп жүргізуді көздеді. АҚШ пен НАТО-ның соғыс қуатын арттыруға және “коммунизмді тежеу” үшін басқа елдерге экономикалық көмек беру арқылы идеологиялық ықпал жасауға тырысты. Өмірінің соңғы жылдарында халықаралық даулы мәселелерді бейбіт келіссөздер арқылы шешуге, КСРО-мен неғұрлым оңтайлы қарым-қатынас жасауға әрекет етті. Ол өте еңселі, биік адам болды. 1963 ж. тамызда жерде, әуеде және суда ядролық қаруды сынауға тыйым салу жөніндегі Мәскеу шартына қол қойды. Соңғы саясаткерлер Джон Кеннедиді АҚШ президенттерінң ішінде халықаралық мәселелерді ең оңтайлы шешетін президент ретінде таныды . Саяси қарсыластары тапсырмасымен жасалған қарақшылық салдарынан қаза тапты. Кейін ағасының ісін жалғастырып, АҚШ президенттігіне сайлауға түскен оның інісі Р.Кеннедидің (1925 – 1968) де қазасы кісі қолынан болды. Кеннедилер әулетінен шыққан тағы бір саясаткер, сенатор Эд. Кеннеди 20 ғасырдың 70-жылдары Қазақстанда (Алматыда) болып, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен танысқан.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Сілтемелер PT 109 IMDB Kennedy [MDB JFK IMDB J.F.K.: Reckless Youth IMDB The Kennedys IMDB
Сөз және сөз сөйлеулер Мен —- берлиндiк (Ich bin ein Berliner) 1963 Инаугурация сөзi 1960 АҚШ университеттегi сөзi 1963
Санат:АҚШ президенттері