Қасқабұлақ — Абай облысы Абай ауданындағы ауыл, Қасқабұлақ ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қарауыл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 92 км жерде, Ханшыңғыс жотасының солтүстік-шығыс етегінде, Ащысуға құятын Қасқабұлақ өзенінің бойында, Шолақтерек көлдеріне таяу тұста, құрғақ дала белдемінде орналасқан.

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен 1257 1041 82,8 622 534 85,9 635 507 79,8

Тарихы 1963 жылы тың жерлерді игеруге байланысты қой кеңшарының орталығына айналды. 1997 жылдан оның негізінде “Қасқабұлақ” ЖШС-і және бірнеше шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы Орта, бастауыш мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт бар. Қасқабұлақ арқылы Қарауыл – Семей автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) елді мекендері