Керей – Теңіз көлі алабындағы ағынсыз тұзды көл.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданының солтүстік-батысында орналасқан.

Гидрографикасы Теңіз көлінің оңтүстік-батысынан 6 км, Қыпшақ көлінің шығысынан 16 км жерде, теңіз деңгейінен 312 м биіктікте орналасқан. Ауданы 34,7 км2 (кей жылдары 62,8 км2-ге жетеді). Ұзындығы 7,7 км, енді жері 6 км, жағалау бойының ұзындығы 30,3 км, орташа тереңдеңдігі 0,4 м. Су жиналатын алабы 3680 км2. Көл шарасы шығысқа қарай таға тәрізді иілген, саяз сулы, түбі тұнбалы. Жағалауы жазық, саздақты. Шығыс жағынан Керей өзені құяды. Көл қар, жауын-шашын, жер асты суларымен толысады. Суының деңгейі сәуірде көтеріліп, қыркүйекте төмендейді. Кей жылдары тартылып қалады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы