Кенжекөл — Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Кенжекөл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Павлодар қаласынан оңтүстікке қарай 6 км-дей жерде, Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен28483978 7047 177,1 1957 3521 179,9 2021 3526 174,5
Тарихы Іргесі 1970 жылы КСРО-ның 50 жылдығы атындағы асыл тұқымды қой кеңшарын және Павлодар кеңшар-техникумын ұйымдастыруға байланысты қаланды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль және темір жол арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дереккөздер
Санат:Павлодар қалалық әкімдігі елді мекендері