Рига шығанағы ( — Рига теңіз шығанағы,  — Лив шығанағы, поль. Zatoka Ryska) — Балтық теңізінің Эстония мен Латвия жағалауларында.

Теңізден Моонзунд топаралы (Батыс Эстон) арқылы бөлінген және Ирбен, Сур-Вяйн, Вяйке-Вяйн, Муху, Соэла-Вяйн бұғаздарымен байланысқан. Ұзындығы 174 км, тереңдігі 67 м-ге дейін жетеді. Суының орташа температурасы жазда 18ӘС, қыста 0 — 1ӘС. Тұздылығы 3,5 — 6‰. Суы желтоқсаннан сәуірге дейін қатады. Рига шығанағына Даугава (Батыс Двина), Лиелупе, Гауя өзендері құяды. Жағалауы жазық, құмды келеді.

Ірі порты — Рига (Даугава сағасында). Шығанақта Рухну, Кихну аралдары; жағалауында Юрмала, Пярну шипажай қалалары орналасқан.

Санат:Балтық теңізі шығанақтары Санат:Латвия шығанақтары Санат:Эстония шығанақтары