Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771 – 1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Шығу тегі мен жас кезі 1711 жылы Көркем Уәлидің отбасында Түркістан қаласында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Әбілмансұр. Әбілмансұр Жошы ханның ұрпағы, төре тұқымынан тарайды. Оның шежіресі келесідей: Шыңғыс хан — Жошы хан — Ұрыс хан — Барақ хан — Жәнібек хан — Жәдік сұлтан — Шығай хан — Есім хан — Салқам Жәңгір хан — Уәли (Уәлибақы) сұлтан — Қанішер Абылай — Көркем Уәли сұлтан — Әбілмансұр.Қазақ хандарының шежіресі

Сабалақ 12 жасында әкесі Көркем Уәли жоңғар қонтайшысы Цэван-Рабдан шабуылынан қаза табады. Әбілмансұрдың шыққан тегін жақсы білген Төле би оған өз түйесін баққызып, оны аман сақтап қалу үшін "Сабалақ" деп атап кетеді. Кей деректе Сабалақ туысы Әбілмәмбет сұлтанның жылқысын да баққан дейдіКазахстан. Национальная энциклопедия. / Гл. ред. Б. Аяган. — Алматы: Главная редакция: «Қазақ энциклопедиясы», 2004 — 560 с.. Төле би Әбілмансұрға салихалы тәрбие беріп, оның тұлға болып қалыптасуына ықпал етті.

15 жасынан бастап жоңғарларға қарсы күреске қатыса бастайды. Сұлтанның бойы орталау, күші ерекше мықты болған. Замандастары жас сұлтанның батыл, ержүрек және епті болғанын атап өтеді.

Абылай атануы нобай|253x253 нүкте|Абылайдың шұбар туы. Әбілмансұрдың атасы Абылай Уәлибақыұлы жекпе-жекке шыққанда ешқашан жеңілмейтін, жауының оған шамасы келмейтін. Сондықтан ел арасына оны Қанішер Абылай деп атап кеткен.Касымбаев Ж.К.История Казахстана. – Алматы: 2004. – С. 35.

Қанішер Абылайдың немересі Әбілмансұр 20 жасында ел ішінде кеңінен таныла бастады. Ер жеткен Сабалақ Әбілмәмбет ханның жасағына қатысып жүрген екен. 1733 жылы жоңғардың көрнекті қолбасшысы Шырыш батырмен (жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің ұлы) жекпе-жекке шыққанда рухты бабасының атын "Абылай! Абылай!" деп ұрандатып, қарсыласын жеңіп шығады. Жекпе-жекте жеңіске жеткен жас сарбазды халық ұран еткен Абылай есімімен атай бастайды. Бұл ерлігі үшін халық Абылайды өте құрметтейді екен. Сөйтіп Абылайға Арғынның Атығай руын басқаруға сайлапты. 1749 жылға таман Абылайға тек Атығай ғана емес, Арғынның бүкіл жеті руы, оған қоса Керейлер, Уақтар және Қыпшақтардың бір бөлігі бағына бастайды.Эпистолярное наследие казахской правящей элиты. 1675–1821 годов. – Алматы, 2014. – Т. 1. – С. 274.

Жоңғарларға қарсы күресі 1734 жылы Орта жүзді басқарып келген Сәмеке хан дүниеден өтіп, оның орнына хан болып Әбілмәмбет сайланды, ал Әбілмәмбеттің қолбасшысы болып Абылай бекітілді.

1739 жылы жоңғарлар Цинь империясымен бітім туралы келісімге келіп, бүкіл күшін батыста тұрған қазақтарға жұмсай бастайды. Осыдан қауіптенген Абылай 1740 жылы Әбілмәмбет хан екеуі бастаған 120 сұлтанмен бірге Орынборға келіп, Ресей боданын қабылдайдыАлтон С. Доннели. Завоевание Башкирии Россией 1752–1740. – Лондон, 1968. – С. 212.. Жоңғарларға қарсы соғыста Ресейден көмек болар деген Абылайдың үміті ақталмады. 1741 жылы жоңғарлар қазақтарға жаңа жорық бастап кірді де, Абылайды тұтқындады.

Абылайдың тұтқынға түскенін білген қазақ оны тұтқыннан босатудың амалын ойластыра бастады. 1742 жылы Төле би бастаған қазақтың 90 беделді азаматы мен майор Миллер елшілігі келіссөз жүргізіп, ақырында 1743 жылы бітімге келеді. Осы істе майор Миллер жоңғарларды үркітумен ғана шектеліп, нақты әрекетті қолға алмады. 1743 жылғы 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады.

Қалдан Серен қайтыс болғаннан соң, жоңғарлар арасында билік үшін талас басталады. Абылай бастаған қазақ сұлтандары бұл таласты тиімді пайдаланып, жоңғарларды әлсірету арқылы қазақтың оңтүстік және шығыс жерлерінен азат етіп алған.https://iie.kz/?p=25528&lang=ru

Хан тұсындағы сыртқы саясат thumb|right|275px|100 теңгеде бейнелеген Абылай хан

Абылай билігінің күшейе түсуінің жаңа кезеңі 1744 жылы Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды.

Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740 жылғы тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 жылы Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745 жылы Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749 жылғы тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті.

right|200px Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752 ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз бойынша), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы – жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.

Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды.

Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 1967 жылдары Абылай хан қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 жылы Еділ қалмақтарының (170 — 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай хан бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып–жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды. Билікке таласқан Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел билігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болады.Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.

1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды.

right|200px

Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты.

Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.

Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.

Абылай ханның қазақ халқына сіңірген еңбегі

Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді.

Ресеймен одақтасудан кейін көп кешікпей Абылай елдің ішкі сыртқы жұмысынан екі жылдай қол үзді. Ол туралы Мәскеу мұрағатынан табылған (қор 122, тізім 1, іс 2) хатқа жүгінейік.